Мектебімізде каникул уақытында оқушылардың бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, оқуға деген қызығушылығын дамыту және бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу мақсатында «Кітап оқимыз – білімге жол ашамыз!» тақырыбында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.
Бұл шара балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, көркем сөзге деген құрметін арттырады.
Кітап оқу – тек тыныш отыру емес, ол – қиялға қанат бітіру, ой өрісін кеңейту, өмірдің мәнін тану. Бала жүрегіне ізгілік дәнін себетін, арман мен шабытқа жетелейтін ең үлкен ұстаз – кітап.
Міне, осылайша бастауыш сынып оқушылары каникул уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізіп, рухани байлықтың бастауы саналатын кітаппен дос бола білд
