Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Күзгі қуаныш базары” атты жәрмеңке өтті!

Бүгін мектебімізде дәстүрлі “Күзгі қуаныш базары” атты мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың шығармашылығын дамыту, қолөнер мен аспаздық шеберліктерін көрсету, сонымен қатар, бір-біріне қуаныш сыйлау болды.

Жәрмеңкеде әр сынып өз бұрышын әзірлеп, күзгі өнімдерден жасалған тағамдар, қолдан жасалған бұйымдар мен ерекше қолөнер туындыларын ұсынды. Балалар мен ата-аналар ерекше белсенділік танытып, әсем безендірілген үстелдер мен дәмді тағамдар көңіл-күйді көтерді.

Бұл жәрмеңке – бірлік пен мейірімділіктің, еңбектің және шығармашылықтың шынайы мерекесі болды. Қатысқан барша жандарға алғысымыз шексіз!