Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылы 10 қараша күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ш.С.Самарханова дүниетану пәнінен «Мектеп ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға мектеп ережелерін түсіндіру, тәртіп пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
💎 Қызығушылықты арттыру кезеңінде оқушылар түрлі түсті «Інжу-маржандарды» таңдау арқылы
«Жарқын», «Сенім», «Жетістік» топтарына бөлінді.
💡 Сабақ барысында MyQuiz платформасында жеке жұмыс, «Иә немесе жоқ» тапсырмалары орындалды және жасанды интеллект көмегімен дайындалған мультфильм көрсетілді.
🔹 Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) кезеңінде «Ою» әдісі қолданылды.
🌞 Сабақ соңында «Күн шуағы» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді.
Балалар сабаққа ерекше қызығушылықпен қатысып,белсенділік танытты.Сабақ көңілді және тартымды өтті.