24 қазан 2025 жылы, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде мектеп парламентінің ұлықтау рәсімі өтті. Бұл шараның мақсаты – жаңа сайланған мектеп парламенті мүшелерін ресми түрде таныстырып, олардың алдағы оқу жылындағы міндеттері мен жоспарларын айқындау.
Іс-шараға мектеп директоры М.Е.Бейсембаева, ұстаздар қауымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Рәсім барысында жаңадан сайланған парламент мүшелері ант қабылдап, мектеп өміріне белсене қатысуға, оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетуге уәде берді.
Мектеп директоры өз сөзінде жаңа құрамды құттықтап, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, өткен жылғы парламент мүшелеріне атқарған еңбектері үшін алғыс білдірілді.
