17 маусым күні «Балдәурен» жазғы лагерінде ұйымдастырылған «Мені сүйікті мекенім» атты іс-шара – балалардың туған жерге, өз елді мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шара болды.Шара барысында балалар өздерінің туған жерлері туралы әңгімелеп, сурет салып, өлеңдер оқыды. Табиғатта саяхат жасадық. Әр бала өз ауылын, қаласын не табиғаты әсем мекендерін мақтанышпен таныстырып, өзгелермен бөлісті. Туған елге деген патриоттық сезім, құрмет пен мақтаныш шараның негізгі өзегі болды. Іс-шарадан кейін балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
