Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 2 қыркүйек күні мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Мақсаты:
Оқушыларға Отан, туған жер туралы түсінік беру, Қазақстан Республикасының тарихы мен жетістіктері жайлы мағлұмат беру. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылар Отан ұғымының маңызы, еліміздің тарихы мен Тәуелсіздік жолындағы маңызды оқиғалар туралы ақпараттармен танысты.
Сынып жетекшілері Қазақстанның рәміздері, көрнекті тұлғалары, ұлттық құндылықтары туралы презентациялар көрсетті. Оқушылар патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқып, Отан туралы өз ойларын ортаға салды.