Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.С.Қабышеваның ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында «Отаным менің – Қазақстаным» тақырыбында эссе байқауы өтті.
🇰🇿 Шараның мақсаты – оқушылардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде жеткен жетістіктерін дәріптеу.
📜 Эссе байқауына қатысушылар өз туындыларында туған елдің табиғаты, тарихы, мәдениеті мен бүгінгі дамуы туралы ой-пікірлерін білдіріп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін жүрек тебіренісімен жеткізді. Оқушылардың шығармаларында ел бірлігі, бейбітшілік пен тәуелсіздіктің құндылығы ерекше атап өтілді.
✨ Мұндай іс-шаралар оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырады, сондай-ақ олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
