2025 жылдың 10 қарашасы күні Шар қаласы, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Өлең жазу” сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты:
•Жастар арасында шығармашылыққа деген қызығушылықты ояту.
* Жастар өнерін, шығармашылығын таныту.
Сайыстың нәтижесінде мектебіміздің 10-сынып оқушылары Мақсұтбек Арай І орынды, Рапиева Альбина ІІ орынды жеңіп алды. Ақын қыздарымызға қаламдарыңыз ұштала берсін деген тілек білдіреміз!
