Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін мектебімізде ерекше күн — Дублёр күні аталып өтті! Бұл күні жоғары сынып оқушылары ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің рөлін өз мойындарына алып, өздерін нағыз маман ретінде сынап көрді.

👩‍🏫 11-сынып оқушылары ұстаздардың орнына сабақ беріп, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын сезінді.
📚 Мұғалім болу — тек білім беріп қана қоймай, үлкен төзім мен жанашырлықты талап ететін қасиетті іс екеніне тағы бір көз жетті.

✨ Іс-шара оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, өз болашағына басқаша көзбен қарауына себеп болды.
Барлық дублёрлерге алғыс білдіреміз!
Білімге, еңбекке деген құлшыныстарыңыз арта берсін!