Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Оқытудағы жаңа көзқарас – табысты ұрпақ кілті» тақырыбында ашық сабақтар апталығы аясында 2025 жылғы 10 қараша күні тарих пәні мұғалімі А.М. Даулетказина 6-сыныпта «Қарахан мемлекеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – Х–ХІІІ ғасырлардағы Қарахан мемлекетінің құрылуы мен дамуы, оның қалаларының тарихи маңызын анықтау болды.

Сабақ барысында мұғалім заманауи цифрлық ресурстарды, жасанды интеллект платформаларын тиімді қолданды:
Publuu сайтындағы интерактивті презентация, Google Maps картасы арқылы тарихи қалаларды зерттеу, Wordwall платформасында «Барабан айналдыру» және «Ақиқат – жалған» ойындары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Тарсия», «Сәйкестендіру», және Lumio платформасындағы «Гонка» ойыны сияқты әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артты.