Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінде 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жас ұрпаққа Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуді, сүюді, патриоттық сезімін ояту мақсатында Г.Т.Джакупова «Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы» тақырыбында іс-шара өткізді. Топ ішінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, үйірме жұмыстарымен жалғасты. Далада көптеген қозғалыс ойындары ойнатылып, түскі астарын ішіп балалар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.