Республика күні қарсаңында мектебімізде “Республикам – мақтанышым!” тақырыбында 5–11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихы мен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең ұғындыру, жас ұрпақты елінің жетістіктерімен мақтануға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сынып сағаттары барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызы туралы ақпарат алып, еліміздің даму жолындағы жетістіктермен танысты. Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетіліп, интерактивті викториналар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, “Менің елім – менің мақтанышым” атты шағын шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Сынып сағаты барысында оқушылардың азаматтық белсенділігі артып, ел болашағына деген сенім мен патриоттық рухы нығайды.
