Мектебімізде «Руханият» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілдер шеруі» айлығының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге ынталандыру арқылы көптілді тұлға қалыптастыру. Ашылу барысында оқушылар белсенділік танытып, үш тілде ұйымдастырылған түрлі ойындарға, викториналарға және қызықты сұрақ-жауаптарға қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Шара мектеп оқушылары үшін мазмұнды да әсерлі өтті. Бұл айлық аясында әлі де көптеген танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланған. #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#ұлттық_сезім_абай_облысы
