Бұл – Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның жүрекжарды сөзі. Осы қанатты тіркесті ұран ете отырып,ұстаздарымыз Республика күніне орай заманауи форматта бейнеролик түсірді.
Мақсат – Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың елжандылық рухын ояту.
Республика күні – бұл халқымыздың мемлекеттігін жаңғыртқан тарихи күн. Біз бабалар арманын жалғап, болашаққа нық қадам басып келеміз!
