03 .07.2025 күні «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде Ұлттық құндылықтар күні өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар арқылы отансүйгіштік пен патриоттық сезім қалыптастыру болды.
Күннің бірінші жартысында балалар арасында ұлттық ойын түрлері ойнатылды. Атап айтқанда:
– Арқан тартыс,
– Көкпар,
– Ханталапай,
– Асық ату,
– Қыз қуу сынды ойындар ұйымдастырылып, балалар ерекше қызығушылықпен белсене қатысты.
Түскі астан кейін үйірме жұмыстары жалғасын тапты. Балалар келесі үйірмелерге қатысып, өз өнерлерін көрсетті:
– «Сөз мергені» үйірмесінде ұлттық сөз ойындары ойнатылып, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар шешілді,
– «Шебер қолдар» үйірмесінде ұлттық бұйымдар жасап, ою-өрнек салынды,
– «Спорттық ойындар» үйірмесінде асық ату, ләңгі тебу, топтық жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шара тәрбиелік маңызы жоғары, мазмұны терең күн ретінде өтті. Балалар ұлттық құндылықтармен жақын танысып, рухани мәдениетімізге деген қызығушылықтарын арттырды
