Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде 5 қазан – Ұстаздар күніне орай «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – ұстаздарға құрмет көрсету, олардың ерен еңбегін бағалау, жас ұрпақты ұстаз еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу болды.
Мерекелік кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары мен ұжым қызметкерлері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Кешті мектеп директоры М.Е. Бейсембаева құттықтау сөзімен ашып, облыс және аудан көлемінде еңбегімен ерекшеленген ұстаздарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстады.
Концерт ерекше форматта ұйымдастырылып, ата-аналар ұстаздарға деген ыстық ықыласын ән, би және әдеби монтаж түрінде жеткізіп, көрермендердің жүрегінен орын алды.
Шара соңында мектеп директоры барша ұстаздарға естелік сыйлықтар табыстап, алғысын білдірді. Сонымен қатар, ардагер ұстаздар да сөз алып, өз лебіздерін білдіріп, жас мамандарға ізгі тілектерін арнады.
