Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

10.07.2025 күні “Балдәурен” жазғы тынығу лагерінде «Жағымды естеліктер күні» ерекше көңіл күймен өтті. Балалар бұл күні өздерінің балалық қиялдарын асфальтқа түрлі-түсті бормен бейнелеп, жарқын суреттер салды. Әр сурет – олардың көңіл күйін, армандарын және лагерьде өткізген әсерлі сәттерін көрсетті.

Іс-шара барысында балалар қозғалмалы ойындар ойнап, түрлі топтық жарыстарға қатысты. Күлімдеген жүздер мен шадыман күлкі лагерь ауасын шаттыққа бөледі. Сонымен қатар балалар бір-біріне жүрекшелер сыйлап, жылы тілектер айтып, достықты, мейірімділікті арттырды.

Бұл күн балалардың бойындағы жағымды эмоциялар мен жақсы әсерлерді күшейтіп, лагерьде өткен әрбір күннің естен кетпейтін ерекше сәт екенін тағы бір дәлелдеді.