Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

8 қыркүйек күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және ата-аналар қауымы қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары;
Сынып ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері;
Сынып ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау.
Жиналыс барысында ата-аналармен тиімді байланыс орнату, оқу-тәрбие процесінде бірлесе жұмыс істеу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналар комитетінің рөлі мен маңызына тоқталып, әр сынып бойынша комитет төрағалары мен мүшелері сайланды. Жиналыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ата-аналар белсенділік танытты.
#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма