Автор: user
Бейсембаева Меруерт Ертаевна 1989 жылы 30 наурызда Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша бітірді.
2011-2015 жж. «Абай атындағы мектеп-балалақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2015-2017жж. Тәлімгер және география пәні мұғалімі. 2017-2022жж. осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2022 жылдан бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды. Қызығушылығы спорт және музыка. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Облыстық «Тағылымды тәлімгер — жас маманның зергері» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау мақсаты: жас маманның жаңа еңбек ортасына бейімделуін қамтамасыз ету, жас маманға әдістемелік көмек көрсету. Аудандық кезең нәтижесінде жас маман, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шаяхмет Әмина Думанқызы тәлімгері химия пәні мұғалімі Бердибекова Марзия Сыдыкановна III орынға ие болды! Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!
