Автор: user
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінің» аудандық кезеңі педагогтардың шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы мен ынталандыруын арттыру мақсатында өткізілді. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Айгүл Боранбаевна «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша қатысып, жүлделі I орынды иеленді. 👏🏻
Республикалық «Ұлттық мектеп лигасының» аудандық кезеңі Мектебіміздің 9–11 сынып қыздар командасы аудандық волейбол жарысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі I орынға ие болды! 🏐🥇✨ Команданың ұйымшылдығы, жанкешті ойыны мен жеңіске деген жігері бұл көрсеткішке жетуге мүмкіндік берді. 👏 Барлық ойыншыларымызды және оларды дайындаған жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алда күтіп тұрған облыстық кезеңде сәттілік серік болсын!
Республикалық «Ұлттық мектеп лигасының» аудандық кезеңі Біздің мектебіміздің 5–6 сынып қыздар командасы аудандық волейбол сайысында тамаша нәтиже көрсетіп, I орын иеленді! 🏐🥇✨ Бұл жеңіс — қыздарымыздың еңбегі мен тыңғылықты дайындықтың жемісі. 👏 Спортшыларымызды және оларды жеңіске жетелеген бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! 🔥🏆
Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушыларымен “Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі” атты сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға бақытты балалық шақтың маңызын түсіндіріп, достыққа, бірлікке, мейірімге тәрбиелеу, сонымен бірге бейбіт елдің болашағы балалар екенін ұғындыру
2025 жылдың 17 қараша күні “Буллингке қарсымыз” атты сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллингтің зиянын түсіндіру, өзара құрмет пен мейірімділікке тәрбиелеу, қиын жағдайларда бір- біріне қолдау көрсетудің маңызын ұғындыру. Оқушылар талқылауларға қатысып, қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Мектебімізде «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында қауіпсіздік сағаттары өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың онлайн және офлайн ортадағы қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, ақпараттық сауаттылығын дамыту және жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыру. Оқушыларға ақпараттық материалдар негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнематериалдар көрсетілді, пікірталас пен профилактикалық әңгімелер ұйымдастырылды. Шаралар әр түрлі форматта өтіп, балалардың қауіпсіздік туралы түсінігін нығайтуға бағытталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ағылшын тілі пәні бойынша Мұхаметқан Жәнібек III орынға ие болды. Жетекшісі — Серікболова Эльвира Дәулетқызы Қазақстан тарихы пәнінен Серікқазы Сезім IІ орын, жаратылыстану пәні бойынша Сляхатбек Ернар І орынды жеңіп алды. Жетекшісі — Даулетказина Альмира Муратказыевна. Құттықтаймыз! 🎉 Облыстық кезеңге жолдама алған […]
