Автор: user
1 мамыр — Қазақстан Халықтары бірлігі күні мерекесіне орай, балабақшада «Бірлік күні» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балалардың елімізде тұратын әр ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрімен таныстыру, ынтымаққа, достыққа тәрбиелеу.
Мектебімізде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектепалды А сыныбында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: балаларды бірлікке, достыққа, тату болуға тәрбиелеу.
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған 1-4 сынып оқушыларымен «Біз әртүрліміз, біз теңбіз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
