Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Бейсембаева Меруерт Ертаевна 1989 жылы 30 наурызда Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша бітірді. 2011-2015 жж. «Абай атындағы мектеп-балалақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2015-2017жж. Тәлімгер және география пәні мұғалімі. 2017-2022жж. осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2022 жылдан бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды. Қызығушылығы спорт және музыка. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

2025 жылдың 10 қарашасында мектебімізде «Ұлттық валюта – Тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы мен маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елдің экономикалық тәуелсіздігін құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Толығырақ

2025 жылдың 10 қарашасы күні Шар қаласы, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Өлең жазу” сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: •Жастар арасында шығармашылыққа деген қызығушылықты ояту. * Жастар өнерін, шығармашылығын таныту. Сайыстың нәтижесінде мектебіміздің 10-сынып оқушылары Мақсұтбек Арай І орынды, Рапиева Альбина ІІ орынды жеңіп алды. Ақын қыздарымызға қаламдарыңыз ұштала берсін деген тілек білдіреміз!

Толығырақ

«Оқытудағы жаңа көзқарас – табысты ұрпақ кілті» тақырыбында ашық сабақтар апталығы аясында 2025 жылғы 10 қараша күні тарих пәні мұғалімі А.М. Даулетказина 6-сыныпта «Қарахан мемлекеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – Х–ХІІІ ғасырлардағы Қарахан мемлекетінің құрылуы мен дамуы, оның қалаларының тарихи маңызын анықтау болды. Сабақ барысында мұғалім заманауи цифрлық ресурстарды, жасанды интеллект платформаларын тиімді […]

Толығырақ

2025 жылы 10 қараша күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ш.С.Самарханова дүниетану пәнінен «Мектеп ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға мектеп ережелерін түсіндіру, тәртіп пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 💎 Қызығушылықты арттыру кезеңінде оқушылар түрлі түсті «Інжу-маржандарды» таңдау арқылы «Жарқын», «Сенім», «Жетістік» топтарына бөлінді. 💡 Сабақ барысында MyQuiz платформасында жеке жұмыс, «Иә немесе жоқ» тапсырмалары […]

Толығырақ

Окушылардың денсаулығын нығайту, сабаққа деген кызығушылығын арттыру және оқу күніне сергек бастау мақсатында мектебімізде аптасына бір рет, бірінші сабақ басталар алдында ұзақтығы 3 минуттық “Дене жаттығулары минуты» ұйымдастырылды. Бұл іс- шара аясында барлық сынып оқушылары мен мұгалімдер карапайым дене қимылдарын жасап, бой сергітеді. Жаттығулар оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, сабаққа зейін қоюын жақсартуға және жалпы белсенділігін арттыруға […]

Толығырақ

Бүгін мектебімізде 2–11 сынып оқушылары арасында пән олимпиадасы өтті. Мақсаты — оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, дарынды балаларды анықтау. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!

Толығырақ

Қаламызда Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» атты бәйге өтті. Мақсаты — қазақ халқының ұлы ақыны, дана ойшылы, данышпан сазгері Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау, отбасындағы әже рөлін күшейту. Аталған іс-шараға мектебімізден Шектібаева Бағдат әже мен 10 “А” сынып оқушысы Мақсұтбек Арай қатысып, жүлделі II орынға ие болды. Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

Толығырақ

Жарма ауданы Достық үйі және Достық үйінің жанынан құрылған аудандық ардагерлер кеңесі Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай, әже мен немере хакім сөзін ұрпаққа жеткізіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған “Мен әжемнен үйренген Абай сөзі” атты аудандық байқауда мектебіміздің 4 “Б” сынып оқушысы Жанат Жанайым мен Апасы Гүлжан апаны “Бас жүлдеге” ие болуларымен шын жүректен […]

Толығырақ

2025 жылдың 5 қарашасы күні мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес “Абай әлемі” дебат үйірмесінің жетекшісі Ж.Т.Абылханованың ұйымдастыруымен “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында 9-11 сыныптар арасында «Оқушылардың үй тапсырмасын орындауда ЖИ қолдануы – алдау ма, әлде жаңа оқу формасы ма?» тақырыбында дебат ойыны өтті. Мақсаты- оқушылардың үй тапсырмасын орындау барысында жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалану мәселесіне сыни тұрғыдан […]

Толығырақ