Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Бейсембаева Меруерт Ертаевна 1989 жылы 30 наурызда Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша бітірді. 2011-2015 жж. «Абай атындағы мектеп-балалақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2015-2017жж. Тәлімгер және география пәні мұғалімі. 2017-2022жж. осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2022 жылдан бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды. Қызығушылығы спорт және музыка. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде математика пәні бойынша Ерсерік Жансая ІІІ орынды иеленді, жетекшісі Жанат Токтарбековна. Ағылшын тілінен Қасымжанов Арсен І орынды жеңіп алды, жетекшісі Аида Ерлановна. Құттықтаймыз! Облыстық кезеңге жолдама алған Арсенге сәттілік тілейміз.

Толығырақ

«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі 2025 жылдың 12 қарашасында Абай облысы білім басқармасы «Облыстық инновациялық–әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі өтті. “Физика-математикалық бағыттағы пәндер (математика, физика, информатика)” бағыты бойынша мектебіміздің математика пәні мұғалімі Жанат Токтарбековна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

Толығырақ