Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Бейсембаева Меруерт Ертаевна 1989 жылы 30 наурызда Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша бітірді. 2011-2015 жж. «Абай атындағы мектеп-балалақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2015-2017жж. Тәлімгер және география пәні мұғалімі. 2017-2022жж. осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2022 жылдан бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды. Қызығушылығы спорт және музыка. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

8″А» және 8″Б» сынып оқушылары арасында “Химия – өнер айнасы” танымдық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты – оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру және оның күнделікті өмірмен тығыз байланысын көрсету. Оқушылар “Химия және түс”, “Тұрмыстағы химиялық өзгерістер”, “Сабын мен иіссудың құпиясы” тақырыптарында шығармашылық жұмыстар орындады. Іс-шара химияның өмірмен тығыз байланысты ғылым екенін дәлелдеді.

Толығырақ

Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, педагогикалық шеберлігін дамыту және мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. 👩‍🏫✨ Аудандық кезең нәтижесінде Гульайм Тансыковна мен Айгуль Боранбаевна жүлделі III орынға ие болды!

Толығырақ

Бракираж қараша 2025-2026 Тамақтану мониторинг қараша 2025-2026

Толығырақ

Толығырақ

“Ұлы ойшыл, ұлт ұстазы — Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-шығармашылық ізденістер” Дарынды оқушылармен өткен танымдық сабақ барысында Абайдың рухани мұрасы мен адамгершілік құндылықтары терең талқыланды. 🌿 🔹 Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, Абайдың даналығын заманауи көзқараспен ұғындыру.

Толығырақ

🏆 “Үздік авторлық бағдарлама” облыстық байқауының аудандық кезеңі Байқау педагогтардың шығармашылық әлеуетін қолдау және авторлық бағдарламалар арқылы озық тәжірибені тарату мақсатында өтті. “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш сынып” бағыты бойынша Жакупова Айгул Боранбаевна – ІІ орын “Физика-математикалық бағыт” бойынша Толеугазинова Жанат Токтарбековна – І орын Облыстық кезеңге жолдама алды! Сәттілік тілейміз!

Толығырақ

2025 жылдың 3 қарашасында мектебімізде 1–11 сыныптар арасында «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты – оқушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа және өз еңбегімен табыс табуға тәрбиелеу, әр істі жауапкершілікпен орындауға баулу. Сабақтар түрлі формада, қызықты әдіс-тәсілдер арқылы өтті: бейнероликтер көрсетіліп, пікірталас пен топтық тапсырмалар ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқушылар адал еңбек пен […]

Толығырақ

Эссе жазудан шығармашылық ойлау дағдыларын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен аудандық әдеби-шығармашылық байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылханова Жанерке Токтасыновна жүлделі ІІ орынға ие болды! Бұл жетістік – ұстазымыздың талмай еңбектенуінің, білім мен өнерге, сөз құдіретіне деген сүйіспеншілігінің жемісі. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Толығырақ