Автор: user
11-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан жұмысын тапсырды.
9 маусым «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде бүгін «Таланттар шеруі» тақырыбында көңілді іс-шара өткізілді.Өткізілу мақсаты: Оқушылардың жазғы демалыста бос уақыттарын тиімді өткізу, өнерлі оқушыларды анықтау. Іс-шарада оқушылар «Үздік әнші», «Үздік пародист» номинациясына ие болды.Табиғатта, топта қызықты іс-шаралар ұйымдастырылып, үйірме жұмысымен жалғасты.
5 шілде «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде жоспарға сәйкес «Жаттығу жаса бой сергіт! » таңғы жаттығуынан басталып, топтық і-шаралар, үйірме жұмыстары өтілді «Ертегілер әлемінде»тақырыбына оқушылар, «Шалқан», «Жеті лақ» ерегілерінен қойылым көрсетті.Өзге оқушылар қызығушылықпен тамашалады. Табиғат аясында түрлі қозғалмалы ойындар ойнады.
4 маусым — Рәміздер күніне орай, мектебіміздің ұстаздары «Әнұран» орындау флешмобына белсене қатысты.
Бүгін мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінде 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жас ұрпаққа Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуді, сүюді, патриоттық сезімін ояту мақсатында Г.Т.Джакупова «Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы» тақырыбында іс-шара өткізді. Топ ішінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, үйірме жұмыстарымен жалғасты. Далада көптеген қозғалыс ойындары ойнатылып, түскі астарын ішіп балалар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай,патриоттық рухты көтеру және жастар арасында мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыру мақсатында «Әнұран» орындау флешмобы өтті. Флешмобқа 70 оқушы қамтылды.
3 маусым күні «Балдәурен» лагері таңғы жаттығу жасап , бой сергітуден басталып , таңғы ас ішіп, топ ішінде қызықты іс-шара ұйымдастырылып , үйірме жүмыстарымен жалғасты. Тәрбиеші М.Т.Куттыбаева интеллектуалдық — патриоттық бағыты бойынша «Қазақша QUIZ» танымдық ойынын өткізді. Ойынға топ белсенділері қатысты. Таза ауада серуен жасап, түрлі қозғалыс ойындары ойнатылып, түскі астарын ішіп, оқушылар көңілді күймен […]
Жаз мезгілі балалар мен олардың ата-аналарына асыға күтетін жыл мезгілі екені белгілі .Жазғы демалысты қызықты өткізуде тәрбиеші Г.Т.Джакупова қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті . Лагерьдің 2 ші күні тақырыптық жоспарға сәйкес ‘Балдәурен» сауықтыру лагерінде тәрбиеші Л.Т.Толеугазинова «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында спорт пен денсаулық және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық сайыс ұйымдастырылды.Мақсаты: Спорттық ойындарды ойнату […]
Бүгінгі Балаларды қорғау күнін бастауыштағы алтындарыммен ерекше көңіл-күймен атап өттік! 💛 Димаш Құдайбергеновтің «Ақбозат» әніне түсірілген TikTok – балалардың шынайы қуанышы мен шығармашылығының, ең бастысы, оқушы үнінің жарқын көрінісі болды. Оқушы үні – баланың ойы мен идеясын тыңдап, онымен санасу, баланы тұлға ретінде тану. Біздің әр қадамымыз оқушы үніне құлақ асудан басталуы тиіс. Қуаныш […]
«1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында мектебімізде «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінің бірінші маусымы ашылды. Лагерьге 1-7 сынып оқушылары қамтылды. Мектеп директоры М.Е.Бейсембаева балаларды мерекесімен құттықтады. Лагерьге келген оқушыларға мектеп тарапынан балмұздақ пен сусын таратылды.Түрлі қызықты ойындар ойнап, балалар мерекелік күнде ерекше қуанышты көңіл-күйде болды.Ашылу салтанатынан кейін лагерь тәрбиешілері балаларды орталық алаңға мерекелік концерт […]
