Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Бейсембаева Меруерт Ертаевна 1989 жылы 30 наурызда Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша бітірді. 2011-2015 жж. «Абай атындағы мектеп-балалақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2015-2017жж. Тәлімгер және география пәні мұғалімі. 2017-2022жж. осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2022 жылдан бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды. Қызығушылығы спорт және музыка. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

23 маусым күні мектеп жанындағы “Балдәурен” жазғы демалыс лагерінің 2-ауысымының шымылдығы ашылып, өз жұмысын бастады. Лагерьге 1-8 сынып оқушылары қамтылды. Рухани-адамгершілік бағыт бойынша мерекелік концерт ұйымдастырылды. Айдаһар, жүрек, аю кейіпкерлерін сомдаған тәрбиешілер балаларды қызықтырып, қызықты ойын ойнатып ән айтып, би биледі. Жазғы демалыс лагерінің жетекшісі А.Т.Оспанова келген балаларға лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелері және күн тәртібімен […]

Толығырақ

Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер жаңа өмірге, жаңа белестерге қадам басады. Бұл – олардың ғана емес, оларды өсіріп, тәрбиелеген ата-аналарының да жүрек тебірентер сәті. Осыған орай мектебімізде «Ұрпаққа үміт, болашаққа сенім» атты ата-аналармен сұхбат ұйымдастырылды. Бұл сұхбаттың басты мақсаты – түлектердің өмірлік жолында ата-ананың үміті мен тілегін, ішкі толғанысын жеткізу, олардың балаларына деген сүйіспеншілігі мен […]

Толығырақ

19 маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде балалардың лагерьде жинаған жақсы әсерлерін еске түсіру, достық қарым-қатынасты нығайту, жағымды эмоция қалдыру мақсатында жоспарға сәйкес «Жағымды естеліктер күні» өтілді.Күн әсерлі күн болды. Бұл күн лагерьде өткен қызықты сәттерді еске түсіруге, жаңа достармен бірге өткізген ұмытылмас күндерді бағалауға арналған. Балалар лагерьдегі әрбір сәтін еске алып, суреттер […]

Толығырақ

17 маусым күні «Балдәурен» жазғы лагерінде ұйымдастырылған «Мені сүйікті мекенім» атты іс-шара – балалардың туған жерге, өз елді мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шара болды.Шара барысында балалар өздерінің туған жерлері туралы әңгімелеп, сурет салып, өлеңдер оқыды. Табиғатта саяхат жасадық. Әр бала өз ауылын, қаласын не табиғаты әсем мекендерін мақтанышпен таныстырып, […]

Толығырақ

Бүгін 16 маусым күні лагерімізде ерекше көңілді әрі қызықты күн өтті – «Ғажайыптар күні»! Бұл күннің басты шарасы – «Қазына тап» атты ұжымдық ойын болды. Балалар әртүрлі станцияларға бөлініп, карта мен жұмбақтар арқылы жасырынған қазынаны іздеуге аттанды. Ойын барысында қатысушылар тапқырлықтарын, командалық жұмысты және зейінділіктерін көрсетіп, әр кезеңнен сәтті өтті. Жасырынған тапсырмаларды шеше отырып, балалар […]

Толығырақ

Балабақшада балалардың денсаулығын нығайту және эмоционалдық жай-күйін жақсарту мақсатында 13 маусым күні «Балапан» тобының тәрбиешісі А.Е.Галиеваның ұйымдастыруымен тыныс алу жаттығулары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың тыныс алу жүйесін дамыту, тыныштандыру және зейінін шоғырландыру. Тәрбиеші балалармен бірге қарапайым тыныс алу жаттығуларын орындады. Мысалы, «гүлді иіскеу», «шар үрлеу», «көбелек тынысы» сынды ойын түрінде ұйымдастырылған жаттығулар балалардың […]

Толығырақ

9-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АТТЕСТАТ АЛДЫ Бүгін мектебімізде 9-сыныпты аяқтаған білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімі өтті. Аталған шарада мектеп директоры М.Е.Бейсембаева түлектерге ізгі тілегін білдіріп, 24 білім алушыға аттестат табыстады. Ата-аналар ұстаздарға алғысын айтып, әрбір түлек үшін бұл сәттің ерекше және маңызды екенін атап өтті. 9-сыныпты сәтті аяқтаған оқушыларды құттықтаймыз және келешектеріне […]

Толығырақ

Мектебімізде «Атадан – балаға мұра» атты тәрбиелік-танымдық шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді дәріптеу, оқушылардың рухани-мәдени дамуын қолдау және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру болып табылады. Шара барысында оқушыларға қазақ халқының дәстүрлері, ата-баба аманаты, ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтары жөнінде мағлұмат берілді. Сонымен қатар, оқушылар ата мұрасының мәні туралы ой бөлісіп, ұлттық […]

Толығырақ

Бүгін , 11 маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен» демалыс лагерінде жоспарға сәйкес «Неткен сұлу, неткен көркем осы менің туған өлкем» тақырыбында туған өлкенің орталықтағы балалар ойын алаңына барды Онда барлық балалар асыр салып ойнады. Ойын алаңындағы түрлі әткеншек, сырғанақ теуіп, тығылмақ ойнап көңілді жүрді.Балалар сусын ішіп, балмұздақ жеп қайтты.Естелікке әдемі суретке түсіп, көңілді күйде қайтты.Келген […]

Толығырақ

Бүгін мектеп жанындағы»Балдәурен» жазғы лагерінде оқушылардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында күнделікті дене шынықтыру жаттығулары өткізіліп тұрады. Табиғатта түрлі топтық спорттық сайыстар ұйымдастырылды.Жарысқа «Қыран», жәна «Барыс тоттары екі топ болып сайысқа түсті. Онда «Кім жылдам», «Түрлі шар», «Кім шапшаң» ойындары ойнатылды. Жоспарға сәйкес «Болашақ жастардың қолында». атты флешмоб ұйымдастырылды. Оқушылар түскі ас […]

Толығырақ