Автор: user
🔉 #БалаларҮні республикалық челленджі басталды 📆 27 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік желілерде #БалаларҮні республикалық челленджі мектебімізде бастау алды. ✔️ Челлендждің басты мақсаты — балаларға өз ойларын ашық айтуға, оның дауысының естілуіне және мектеп пен қоғамдық ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру. Челленджде көтерілген сұрақ: * Сенің […]
27 мамыр күні 1-4 сынып оқушыларымен «Суды үнемдеу» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Суды үнемдеу жолдарын үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғатты аялауға, су ресурстарын қорғауға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыр
Бүгін мектебімізде “Халықаралық балаларды қорғау” күніне арналған. «Балалар үні» тақырыбында пікір алмасу өтті. Мақсаты: Балалардың пікірін тыңдау, олардың армандары мен ұсыныстарын еркін айтуына мүмкіндік беру. Оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, өз қоғамына деген жауапкершілік сезімін дамыту. «Балалар үні» пікір алмасуы – жас ұрпақтың арманы мен үмітін, пікірін ашық жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Балалардың ойы […]
24 мамыр соңғы қоңырау мерекесіне осыдан 5, 10, 20, 45 жыл бұрын мектеп бітіріп кеткен түлектер келді. Олар мектептің кіреберісінен бастап ерекше ықыласпен қарсы алынды. 1-қабатта ұйымдастырылған психологиялық тренинг керемет әсер қалдырды. Балалық шақты еске түсіру мақсатында балабақшада түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, түлектер шынайы қуанышқа бөленді. Кейін түлектер үшін мектеп бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды. […]
Мектебімізде «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды болашаққа дұрыс бағдарлау, олардың тұлғалық дамуын қолдау, арман-мақсаттарын айқындауға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал ету болды. Іс-шара барысында оқушыларға адамгершілік құндылықтар, мақсат қою, табандылық, еңбектің маңызы және болашақ мамандық таңдаудағы жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар өз ойларымен […]
Бракераждық комиссия акт 2024-2025 мамыр Тамақтану мониторинг 2024-2025 мамыр
Биыл мектебімізде алғаш рет ерекше әрі әсерлі шара — Жұлдыздар шеруі өткізілді. Бұл мерекелік шара 4-сынып оқушыларының әсем вальс биімен ашылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз мектеп директоры Меруерт Ертаевнаға берілді. Жұлдыздар шеруі жеті бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімде 2-4 сынып оқушыларының арасынан үздік білім көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Екінші […]
“Білімім Отаныма” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Әр сыныпта эссе жазылып, үздік эсселер марапатталды. Сынып жетекшілер сынып оқушыларына жетістіктерін, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік жайлы айтты. Оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
20 мамыр күні 4”Б” сыныбы “Қош бол, бастауыш” атты ертеңгілік өткізді. Мақсаты оқушылардың бастауыш сыныппен қоштаса отырып өздерінің 4 жылғы білімдерін, үйренгендерін көрсете алды. Бастауыш сыныпта алған білімдерін орта буында қолданамыз , жетілдіреміз дей отырып ант қабылдады.Ән,би,көріністерін көрсетіп ,ата -аналармен түрлі ойындар жүргізілді.Алғашқы ұстаздар А.Б Жакупова сөз сөйлеп оқушылардың жетістіктерін айта отыоып , […]
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау мақсатында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль- байқауының аудандық кезеңі / қашықтықтан/ өтті. Нәтижесінде: «Қуыршақ қойылымы» номинациясы бойынша: «Болашақ» театры жүлделі І орынға ие болды, (жетекшісі: А.Т.Оспанова ); «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша: «Абай қырандары» театры ІІ орынға ие […]
