Автор: user
08.07.2025 күні «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде «Сән әлемінде» тақырыбында ерекше шығармашылық күн өтті. Шара барысында балалар сән туралы мағлұмат алып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. 🔸 Қалпақтар шеруі – Балалар өз қолдарымен безендірген түрлі-түсті қалпақтарын киіп, сән сахнасында жүріп өтті. Әр топтың қалпағы ерекше стильде жасалып, креативтілігімен ерекшеленді. 🔸 Доппен ойындар – Ашық алаңда көңілді […]
04.07.2025 күні “Балдәурен” жазғы тынығу лагерінде Астана күніне арналған «Астана – арман қала» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке – еліміздің бас қаласы Астананың құрметіне арналған ерекше күн. Астана күні – Қазақстан Республикасының елордасы Астананың құрметіне арналған ұлттық мереке. Бұл күн жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы, заманауи сәулетімен, мәдениетімен […]
03 .07.2025 күні «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде Ұлттық құндылықтар күні өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар арқылы отансүйгіштік пен патриоттық сезім қалыптастыру болды. Күннің бірінші жартысында балалар арасында ұлттық ойын түрлері ойнатылды. Атап айтқанда: – Арқан тартыс, – Көкпар, – Ханталапай, – Асық ату, – Қыз қуу […]
2.07.2025күні “Балдәурен” жазғы демалыс лагерінде «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында топтық сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында болашаққа деген сенімділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, шығармашылықпен ойлауға, өз ойын еркін жеткізуге және топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту болды. Сайыс барысында келесі кезеңдер қамтылды: «Тұлғаны таны» – ұлы тұлғалар туралы білімдерін анықтау «Болашаққа хат» – балалардың […]
«Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде 01 шілде күні «Қиял әлемі» тақырыбында қызықты іс-шаралар өтті. Балалар өз қиялындағы ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, түрлі суреттер салды. Әсіресе табиғат аясында, ашық аспан астында асфальтқа түрлі-түсті борлармен сурет салу ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, лагерь ауласында қимыл-қозғалысқа негізделген ойындар ойнатылып, балалар белсенділік танытты. Әр қатысушы өз шығармашылығын көрсетіп, достарымен жақсы көңіл-күйде уақыт […]
Бүгін, 30 маусым күні, лагерьде балалар «Ертегілер әлемінде» атты сахналық қойылым қойды. Қойылым барысында сахнада тек Аю кейіпкері шығып, балалармен бірге түрлі қызықты ойындар өткізді. Балалар Аюмен бірге билеп, ән айтып, жұмбақ шешіп, түрлі тапсырмалар орындады. Сонымен қатар балалар эстафеталық жарыстарға қатысып, топ болып ұйымшылдықтарын көрсетті. Күн өте көңілді өтті, балалардың бәрі белсенді қатысып, көтеріңкі […]
27 маусым күні «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде тәрбие жұмыстары рухани тәрбие бағыты аясында өтті. Балалардың бойына адамгершілік, адалдық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді дарыту мақсатында «Кино – рухани тәрбие құралы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға қазақ киноөнерінің озық туындысы – «Менің атым Қожа» көркем фильмі көрсетілді. Фильм арқылы оқушылар шыншыл болу, өз ісіне жауап беру, үлкендерді құрметтеу сияқты […]
26.06.2025 ж. күні “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде күн әдеттегідей балаларды қарсы алудан және көңілді таңғы жаттығудан басталды. Таңғы астан кейін «Шынықсаң шымыр боласың» атты қызықты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Одан кейін топтар бойынша әртүрлі бағыттағы іс-шаралар жалғасты. «Smart bala» тобында «Кім епті?», «Ойлан тап», «Жылдам қозғал» атты шапшаңдық пен ептілікке негізделген ойындар ойнатылып, балалардың […]
2025 жылдың 26 маусым күні “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде “Достық күні” аталып өтті. Бұл күннің мақсаты – балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне көмектесуге, сыйластыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар әртүрлі ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Таңғы астан кейін лагерь жетекшілері балалармен бірге “Досымды тап”, “Атомдар мен молекулалар”, “Әріп және зат”, “Кім тапқыр?”, “Пионербол” […]
24.06. 2025 жылы “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде жоспарға сәйкес балаларды қарсы алып, таңғы жаттығу жасалды.Таңғы астан кейін “Ақылды бала- болашағы жарқын ел” тақырыбына орай”Не?Қайда? Қашан? атты топтық жұмысы жүргізілді. Мақсаты: тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру,жолдас-тық,жауапкершілік өзара көмек көрсету, ұжымда жұмыс істей білуге үйрету.Балалар пазл құрау арқылы суретті тауып сол бойынша топқа бөлінді.Үш топқа табиғи заттар […]
