Автор: user
Бейсембаева Меруерт Ертаевна 1989 жылы 30 наурызда Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша бітірді.
2011-2015 жж. «Абай атындағы мектеп-балалақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2015-2017жж. Тәлімгер және география пәні мұғалімі. 2017-2022жж. осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2022 жылдан бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды. Қызығушылығы спорт және музыка. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Мектебімізде каникул уақытында оқушылардың бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, оқуға деген қызығушылығын дамыту және бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу мақсатында «Кітап оқимыз – білімге жол ашамыз!» тақырыбында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Бұл шара балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, көркем сөзге деген құрметін арттырады. Кітап оқу – тек тыныш отыру емес, ол – қиялға қанат бітіру, […]
