Автор: user
Мектебімізде ,24 қазан 2025 жылы, патриоттық сезім мен елге деген сүйіспеншілікке толы «Патриоттық әндер» шеруі өтті. 🎤 Бұл шара оқушыларымыздың бойындағы отансүйгіштік рухты оятып, туған елге деген мақтаныш сезімін арттырған ерекше күн болды. Әр сынып өздерінің дауысымен, жүрек жылуымен Отанға деген махаббатын жеткізе білді. Ән арқылы рух, намыс пен бірлік үн қатқан бұл күн көрермендерге […]
Республика күні қарсаңында мектебімізде “Республикам – мақтанышым!” тақырыбында 5–11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихы мен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең ұғындыру, жас ұрпақты елінің жетістіктерімен мақтануға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу. Сынып сағаттары барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызы туралы ақпарат алып, еліміздің даму жолындағы жетістіктермен танысты. […]
«Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде 🎉 📚 «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Оразбай Ақбаян Ернұрқызы — 🥉 ІІІ орын иегері! 👏 🌟 «Жасампаздар: Менің өлкемнің батырлары мен тұлғалары» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Рапиева Альбина Даулетовна — 🥈 ІІ орын иегері атанды! 🎖️
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 🥉 2 «Б» сынып оқушысы Батырбек Айлин 🥉 4 «А» сынып оқушысы Кенжетаева Айшабибі жүлделі ІІІ орынға ие болды! 🏅👏 💐 Жетекшілері: Карлығаш Максутовна мен Шырайлым Саятқызын шәкірттерінің жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мектебімізде 2025 жылдың 24 қазанында, жас буынды отансүйгіштікке, жауапкершілікке және бірлікке тәрбиелеуге бағытталған салтанатты іс-шара – «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар ұйымдарына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде өтті. 🌟 Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында елжандылық, патриоттық рух, ұжымшылдық және мақсаткерлік қасиеттерді қалыптастыру, олардың мектеп өміріндегі белсенділігін арттыру болды. Аталған шараға мектеп директоры Бейсембаева […]
24 қазан 2025 жылы, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде мектеп парламентінің ұлықтау рәсімі өтті. Бұл шараның мақсаты – жаңа сайланған мектеп парламенті мүшелерін ресми түрде таныстырып, олардың алдағы оқу жылындағы міндеттері мен жоспарларын айқындау. Іс-шараға мектеп директоры М.Е.Бейсембаева, ұстаздар қауымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Рәсім барысында жаңадан сайланған парламент мүшелері ант қабылдап, мектеп өміріне белсене қатысуға, […]
