Автор: user
Бракераж комиссия акт қазан 2025-2026 Тамақтану мониторинг 2025-2026 қазан_page-0001
🏀 Республикалық Ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңі 🏀 Мектебіміздің жас спортшылары аудандық баскетбол сайысында тамаша нәтижеге қол жеткізді! 🎉 ✨ 5–6 сынып қыздар командасы — II орын 💪 7–8 сынып ұлдар командасы — III орын Жарысқа белсене қатысып, үздік ойын көрсеткен барлық оқушыларымызды және бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! 🎊 Жаңа жеңістер мен сәттіліктер тілейміз! 🏆🔥
Бүгін мектебімізде ерекше күн — Дублёр күні аталып өтті! Бұл күні жоғары сынып оқушылары ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің рөлін өз мойындарына алып, өздерін нағыз маман ретінде сынап көрді. 👩🏫 11-сынып оқушылары ұстаздардың орнына сабақ беріп, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын сезінді. 📚 Мұғалім болу — тек білім беріп қана қоймай, үлкен төзім мен жанашырлықты талап ететін […]
Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде 5 қазан – Ұстаздар күніне орай «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ұстаздарға құрмет көрсету, олардың ерен еңбегін бағалау, жас ұрпақты ұстаз еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу болды. Мерекелік кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары мен ұжым қызметкерлері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Кешті мектеп директоры М.Е. Бейсембаева құттықтау сөзімен ашып, […]
5 қазан – Ұстаздар күніне орай Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға ұстаз еңбегінің маңызын ұғындыру, ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімдерін қалыптастыру, білімге, оқуға деген ынталарын арттыру және ұстаз тұлғасын үлгі ету.
1 қазан – Қарттар күніне орай мектебіміздің 8 “Б” және 10 “А” сынып оқушылары ардагер ұстазымыз, білім саласына саналы ғұмырын арнаған Сапаров Тоқтарбек Бейсекенұлының шаңырағына барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Оқушылар ұстазға шын жүректен алғыс айтып, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстап, жылы лебіздерін білдірді. Ардагер ұстаз өз кезегінде ризашылығын білдіріп, оқушыларға ізгі тілектерін арнады.
1 қазан – Қарттар күніне орай мектебіміздің 5 8А, 9А,11А сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге Сембаев Қапез Болысхановичь, Соболева Надежда Ивановнаның үйіне арнайы барып, мерекелік құттықтау жасады. Ұстаздар мен оқушылар бұл кездесуден рухани әсер алып, шынайы ықылас пен құрметтің жарқын үлгісін көрсетті. Аталған іс-шара оқушылардың бойында үлкенге деген құрмет, елге деген сүйіспеншілік пен тарихи жадыны […]
1 қазан – Қарттар күніне орай мектебіміздің 5–7 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге тыл ардагері Күлмұхамедова Раушан апаның үйіне арнайы барып, мерекелік құттықтау жасады. Кездесу барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған ашық хаттар мен гүл шоғын табыстап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ардагердің өмір жолы мен еңбек ерліктері жайлы әңгімесін тыңдай отырып, оқушылар үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен өнегесіне […]
2025 жылдың 1-қазанында Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «К.Шакенов атындағы орта мектебінде» 5-11 сынып оқушылары арасында Облыстық «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» байқауының аудандық кезеңі өтті. Қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы, ұлт алыбы, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, ғылым қайраткері М.О. Әуезовтың шығармашылығын дәріптеу, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұраларының құндылықтарын халыққа жеткізу және оқушылардың шығармашылық […]
30 қыркүйек күні «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай өткізілген «Қарттарым – асыл қазынам» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға Қарттар күні туралы түсінік беру, оның маңызын ұғындыру; Үлкендерді құрметтеу, қарт адамдарға қамқор болу, ізет көрсету сияқты ұлттық құндылықтарды дәріптеу; Оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, адамгершілік қасиеттерін дамыту; Отбасындағы және қоғамдағы үлкендердің орны […]
